Мазмұнға өту
KYRANДеректердегі ҚазақстанРусский

Жоба туралы

KYRAN — Қазақстанның цифрлық атласы: интерактивті картадағы өңірлер бойынша ресми статистика, тарихымен, графиктерімен және ашық дереккөздерімен.

Біз өңірлерді бағаламаймыз және рейтинг құрмаймыз. Көрсеткіштер кезеңі, өлшем бірлігі және дереккөзі көрсетіліп беріледі, қорытындыны пайдаланушы өзі жасайды.

Деректер ашық ресми дереккөздерден, ең алдымен Ұлттық статистика бюросынан алынады және бастапқы күйінде сақталады. Дереккөзде мән өзгерсе, біз ескісін өшірмей, жаңа нұсқасын сақтаймыз.

Қате таптыңыз ба? Бізге жазыңыз — біз түпнұсқаны тексереміз.

KYRAN ресми және басқа да ашық дереккөздердің деректерін біріктіреді және визуализациялайды. Көрсеткіштер дереккөзі, кезеңі және өлшем бірлігі көрсетіліп беріледі. Деректерді түсіндіру — пайдаланушының жауапкершілігі.